Темекі және алкоголь өндірісін, ойын бизнесін, қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін және Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сай келмейтін өзге салаларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторы қаржыландырылады.
Компания кемінде үш жыл жұмыс істеген болуы тиіс. Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды қоспағанда, жекелеген бастапқы жобалар қаржыландырылмайды.
Жоба иесінің қатысу үлесі инвестициялық жоба құнының 20%-нан кем болмауы тиіс.
Компанияның қызмет көрсететін банктерде мерзімі кешіктірілген берешегі болмауы тиіс.
Қаржыландыру мерзімі — жобаның типі мен индустрияның ерекшелігіне қарай 7 жылға дейін.
Қаржыландырылатын бизнес соңғы үш жылдың ішінде табысты болуы тиіс.