«ADCB» Ислам Банкі» АҚ, бұдан әрі — «Банк», Банктің ұсынылатын Өнімдері мен Сервистеріне, бұдан әрі –«Банк Сервистері», қызығушылық танытқаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреді. Сіздің дербес ақпаратыңызды қорғау Банк үшін өте маңызды, сондықтан біз Банк Сервистерін пайдалану кезінде жиналатын және өңделетін деректерді қорғауға ерекше назар аударамыз.
Банк Сервистері Банк Сервистерін пайдаланушыларға, бұдан әрі – «Пайдаланушылар», Банкпен жасалған Банктік қызмет көрсету шарты шеңберінде, сондай-ақ осындай шарттарды жасаспай, өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ Интернет немесе мобильді құрылғының арнайы қосымшасы (смартфон, планшет және т.б.) арқылы ақпарат алмасуды және жекелеген операциялар жасауды қоса алғанда, Банк пен осындай әріптестер арасында жасалған шарттар шеңберінде Банк әріптестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ Интернетте сатып алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша мен сайт болып табылады.
Банк Сервистерін пайдалануға қолжетімділік алу Пайдаланушылардың осы Құпиялылық саясатының ережелерімен сөзсіз келісуін білдіреді.
Банк Банк Сервистерін Пайдаланушылардан алынатын дербес ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы Құпиялылық саясаты Банк Сервистерін Пайдаланушылардан сұратылуы мүмкін деректердің тізбесін, сондай-ақ Банктің және өзге де тұлғалардың осындай деректерді өңдеу тәсілдерін көрсету мақсатында әзірленген. Осы Құпиялылық саясатында Пайдаланушылардың жеке ақпараты сұратылуы немесе жария етілуі мүмкін мақсаттар да көрсетілген. Осы Құпиялылық саясатында Пайдаланушылар өздерінің жеке ақпаратын құпия ұстау үшін қабылдауы тиіс негізгі сақтық шаралары да көрсетілген.
Осы Құпиялылық саясаты Пайдаланушылардың Банк Сервистерін пайдалануы нәтижесінде Банк алған ақпаратқа қолданылады.
Пайдаланушылардың ақпараты Банкпен Пайдаланушыны тиісті сәйкестендіру және авторизациялау, Банк Сервистерін пайдалану кезінде Пайдаланушының қауіпсіздігін арттыру, жедел қорғау деңгейін арттыру, ақпаратты қорғау, Банк Сервистерін техникалық басқаруды жүзеге асыру, Пайдаланушылардың ақша аудару операцияларын жасауын жеңілдету, сондай-ақ Банк Сервистерінің жұмысын талдау және жақсарту; Пайдаланушыларға Банк көрсететін қызметтер және Банк ұсынатын өнімдер туралы ақпарат беру; маркетингтік; аудит, реттеушілік, салықтық және өзге де есептілікті ұсыну; алаяқтық операциялардың алдын алу мақсаттарында; осы Құпиялылық саясатында көрсетілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда жиналады. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде пайдаланушының ақпараты деп: пайдаланушы есептік жазбаны құру, тіркеу кезінде Банкке дербес беретін дербес және биометриялық деректер, сондай-ақ Банк Сервистерін пайдалану процесінде автоматты түрде берілетін деректер, оның ішінде ip-мекенжаймен шектелмей, қол жеткізілетін мобильді құрылғы туралы мәліметтер және т.б. түсініледі. Банк Сервистерін пайдалану кезінде келесі ақпарат сұратылуы және алынуы мүмкін:
Есептік жазбаны құру және/немесе тіркеу кезінде Банк Пайдаланушы туралы ақпаратты сұратуы мүмкін, мысалы, ТАӘ, жынысы, туған күні, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты және тіркелген мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, камераны немесе өзге де тәсілмен алынған Пайдаланушының биометриялық деректерін қамтитын фотобейнелер мен бейнежазбалар, білімі туралы деректер, пайдаланушының байланыс деректері туралы ақпарат (телефон және/ немесе мекенжай кітабы, мобильді құрылғыдағы контактілер), сондай-ақ веб-сервер автоматты түрде жіберген деректер. Банк сондай-ақ қосымша ақпаратты да сұратуы мүмкін.
Банк мобильді құрылғы моделі, операциялық жүйенің нұсқасы, бірегей құрылғы сәйкестендіргіштері, сондай-ақ мобильді желі деректері және ұялы телефон нөмірі сияқты пайдаланушылардың мобильді құрылғылары туралы деректерді жинайды. Сонымен қатар, құрылғы сәйкестендіргіші мен ұялы телефон нөмірі пайдаланушы тіркелгісіне қосылуы мүмкін.
Пайдаланушының мобильді құрылғысының географиялық орналасу функциясын қолдайтын Банк Сервистері Банкке мобильді құрылғы жіберетін GPS деректерін қоса, Пайдаланушының нақты орналасқан жері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу операцияларын, ақша аударымдарын және басқаларын жасаған кезде Банк жасалған операциялардың орны, уақыты мен сомасы туралы деректерді, төлем тәсілінің түрін, сатушы және/немесе қызмет көрсетуші туралы деректерді, егер бар болса, операцияны жасау себебін сипаттауды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген операцияларды жасауға байланысты өзге де ақпаратты жинайды.
Пайдаланушылардың ақпаратын пайдалану кезінде Банк осы Құпиялылық саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Банк жоғарыда және «ADCB» Ислам Банкі» АҚ бөлшек клиенттеріне банктік қызмет көрсетудің кешенді шартында көрсетілген мақсаттарда Пайдаланушылардың ақпаратын өзінің акционеріне, үлестес тұлғаларына, сондай-ақ әріптестеріне және Банкпен байланысты өзге де компанияларға беруге құқылы. Бұл ретте, Банк Банктің үлестес тұлғаларының, серіктестердің, сондай-ақ онымен байланысты компаниялардың осы Құпиялылық саясатының шарттарын, онда ақпарат алушылардың тиісті қорғау деңгейін ұстануына кепілдік берілетін шарттар жасасу жолымен міндетті түрде сақтауын қамтамасыз етеді.
Банк төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушыларға Банкпен байланысы жоқ компаниялар мен жеке тұлғаларға ақпарат бермейді:
Пайдаланушылардың ақпаратын шетелге беру кезінде Банк Пайдаланушылардың ақпаратына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын, оның ішінде ақпарат алушылардың тиісті қорғау деңгейін ұстануына кепілдік берілетін шарттар жасасу жолымен қамтамасыз етеді.
Банк Пайдаланушылардың дербес ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және рұқсатсыз қол жеткізу, өзгерту, ашу немесе жою әрекеттерінен, сондай-ақ тиісінше пайдаланбаудың өзге де түрлерінен қорғау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Атап айтқанда, Банк деректерді жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады, атап айтқанда мүлікті ұрлау, фишинг және алаяқтықтың өзге де түрлері мақсатында Банк жүйелеріне рұқсатсыз кіруге қарсы іс-қимыл жасау үшін қауіпсіздіктің физикалық шараларын қабылдайды. Сондай-ақ, Банк қызметкерлерге, мердігерлерге және агенттерге құпиялылық саласындағы қатаң шарттық міндеттемелерді көздей отырып, пайдаланушылардың дербес ақпаратына қол жеткізуді шектейді, оларды бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары көзделген.
Банк Сервистерін пайдалану қауіпсіздігі де Пайдаланушының ұсыныстарды сақтауына байланысты. Пайдаланушы тіркелгі деректерін, мысалы, логин мен құпиясөзді үшінші тұлғалардан құпия сақтауы керек. Пайдаланушы Банкке оның есептік жазбасын рұқсатсыз пайдалануға күдік туындаған жағдайда, дереу хабарлауға міндеттенеді.
Пайдаланушының Банктің ұсынымдарын сақтауы Банкке берілген ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушының Банк картасы деректемелерінің (немесе өзге де электрондық төлем құралының) және басқа да деректердің барынша сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қолма-қол ақшасыз ақы төлеу кезінде Банк картасының деректемелерін (немесе өзге де электрондық төлем құралын) пайдалана отырып, операциялар жасау кезінде ықтимал, оның ішінде интернет арқылы тәуекелдерді азайтады.
