Клиент өз бетінше лизинг мәнін (мүлік) және лизинг мәнін жеткізушіні анықтайды. Клиент лизинг мәні мен жеткізуші туралы бүкіл ақпаратты ұсына отырып, Банкке қаржыландыру үшін жүгінеді.
Банк шарттарды, бағасын қарайды және Банк лизинг мәнін сатып алғаннан кейін лизинг шартын жасау туралы Клиенттің жазбаша міндеттемесін алады.
Банк өз есебінен жеткізушіден лизинг мәнін сатып алады.
Банк Клиенттен лизинг мәнінің төлемі есебіне жатқызылатын бастапқы жарнаны салуын талап етуге құқылы.
Банк Клиентпен жасалған шарт бойынша лизинг мәнін белгілі мерзімге лизингке алады. Лизинг мәні жеткізіліп, Клиент узуфрукттан* пайда ала бастаған сәттен бастап, Клиент лизинг шартының талаптарына сәйкес лизинг төлемдерін жасайды. Лизинг төлемдері лизинг мәнінің құнынан — тиянақталған бөліктен, Банктің пайдасынан — құбылмалы бөліктен және қосымша бөліктері болып табылатын өзге шығындардан құралады.
Лизинг мерзімі аяқталған сәтте және Клиент шарт бойынша барлық міндеттемемелерді орындайтын болса, Банк лизинг мәнін атаулы құны бойынша сату жолымен немесе сыйға тарту шарты бойынша Клиенттің меншігіне табыстайды.