Фарух Аль Марзуки мырза Банктің Директорлар кеңесіне 2018 жылы қосылды. Қазіргі уақытта, Фарух Аль Марзуки мырза Al Hilal Bank PJSC-те аға басқарушы директор және корпоративтік банкинг директоры қызметін атқарады.
ADCB Банкіне келгенге дейін Commercial Bank of Dubai, First Gulf Bank және Noor Bank-інде көптеген жетекшілік лауазымында қызмет еткен.
Исхак Юсуф Абдулла Мирза Альхан мырза 2023 жылы Директорлар кеңесіне қосылды және 2026 жылғы 24 ақпанда Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қайта тағайындалды.
Исхак Юсуф мырзаның банк саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, ADCB, HSBC, Lloyds банктерінде қызмет атқарған. Әмірліктің банк және қаржылық зерттеулер институтын (БАӘ) бітірген.
Ахмед Абдулаал Али Абдулаал Аль-Наджар мырза Директорлар кеңесіне 2023 жылы қосылды. Ахмед Абдулаал мырзаның банк саласында үлкен тәжірибесі бар, ADCB, Standard Chartered банктерінде қызмет атқарған. Гриффит Университетін (Аустралия) бітірген.
