Профессор Жассем Әл Шамси – ADCB тобы исламдық банкингінің Шариғат кеңесіне басшылық еткен БАӘ-дегі Шариғат бойынша бірінші ғалым. Бұған дейін БАӘ Университеті тұсындағы Шариғат және құқық колледжінің деканы қызметін атқарған. Сонымен бірге басқа көптеген исламдық банктердің /бөлімшелердің және қаржылық институттардың Шариғат кеңесіне басшылық етеді және мүшесі болып табылады.
Доктор Ибрахим Али Абдалла Аль Мансури экономика ғылымдар және исламдық банкинг докторы дәрежесіне ие, сонымен бірге екі магистр дипломына ие: экономика мен исламдық банкинг және педагогикалық психология бойынша.
2014 жылдан бері доктор Ибрахим Али Абдалла Аль Мансури Шаржа қаласындағы экономика және қаржыландыруды оқыту бойынша Исламдық Орталықтың директоры қызметін атқарып келеді, ал 2016 жылдан бері Шаржа Университетінің өзіндегі және оның филиалдарындағы оқыту істері бойынша ректордың орынбасары лауазымында қызмет етеді.
Сондай-ақ, доктор Ибрахим Али Абдалла Аль Мансури Білім және педагогика министрлігімен жұмыс істейді және 2014 жылдан бері Араб инвестициялық банкінің (Arab Investment Bank) Пәтуа және Шариғат қағидаттарына сәйкестік бөлімінің қызметкері ретінде жұмыс атқарады.
Доктор Ибрахим Али Абдалла Аль Мансури көптеген халықаралық мойындалған сертификаттардың иегері:
Доктор Салим аль-Али Лондон Университетінің (Ұлыбритания) қаржылық құқық саласындағы докторы дәрежесіне ие. Сонымен қатар, доктор Салим аль-Али Малайзияның Халықаралық исламдық университетінің исламдық банкинг және қаржы саласындағы магистрі дәрежесін алған. Доктор Салим аль-Алидің ғылыми-зерттеу саласында мол тәжірибесі бар. Академиялық мекемелерде — BPP University (Ұлыбритания) және БАӘ Университетінде 10 жылдан астам жұмыс жасаған.
Доктор Салим аль-Али ғылыми қызметпен айналыса отырып, Ұлыбританиядағы және БАӘ ірі ғылыми конференцияларға қатысады. 2016 жылы ол ғылыми жетістіктері үшін Хамдан бин Рашид аль-Мактум (Rashid Award) сыйлығына ие болды.
Махмадрузи Шоев өз жұмысын 2009 жылы банктің бас кеңсесінде Шариғат департаментінде бастап, 2010 жылы Банктің қазақстандық кеңсесіне ауыстырылды. Бұдан бұрын БАӘ-дегі Еmirates Islamic Bank банкінде Шариғат бойынша құрылымдау және үйлестіру департаментінде жұмыс істеген.
Махмадрузи Шоев мырза - Исламабад Халықаралық ислам университетінің (Пәкістан) экономика факультеті мен Islamic Da’wah Academy түлегі.
Махмадрузи Шоев Банктің Шариғат Кеңесі шығарған Пәтуаларға және Шариғат қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін банктің бүкіл қызметін қадағалау ісіне жауап береді. Сондай-ақ, Махмадрузи Шоев Шариғат қағидаттары мен ережелері бойынша аудит үші жауапты болып табылады және жаңа өнімдер мен қызметтердің жасалуына қатысады.
