"ADCB Ислам Банкі" АҚ сіздің қауіпсіздігіңізге қамқорлық жасай отырып, келесіні еске салады: жеке деректерді қорғау - сіздің қырағылығыңыздан басталады. Кибер алаяқтықтан аулақ болуға көмектесетін негізгі кеңестермен танысыңыз.
Кең таралған алаяқтық схемалары:
- Фишингтік шабуылдар:
Алаяқтар сенімді дереккөздер ретінде жасырынып, зиянды сілтемелер немесе тіркемелер бар хаттар жібереді. Мақсаты — сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу.
- Дипфейк технологиялары:
Алаяқтар сіздің дауысыңызды жазу үшін белгісіз нөмірден қоңырау шалады - 30 секунд сөйлесу жеткілікті. Бұдан әрі, жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын пайдаланып, құпия ақпаратты алуға және/немесе алаяқтық транзакциялар жасауға мәжбүрлеу үшін таныс адамның дауысына немесе бейнесіне еліктеу үшін қолданады.
- Зиянды қосымшалар:
Киберқылмыскерлер зиянды бағдарламалар арқылы құрылғыға және пайдаланушының жеке ақпаратына нұқсан келтіруге арналған мобильді қосымшаларды шығарып, манипуляциялар жасайды.
- Психологиялық қысым:
Алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістерді пайдаланып, құрбандарын өз айтқанын орындауға мәжбүрлейді. Олар құрбандарының тез әрекет етуін қамтамасыз ету үшін асықтыру, қорқыту немесе үрейлендіру сезімін тудырады.
Мұндай схемаларды танып білу және алдын алу бойынша кеңестер:
- Күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
- Әрдайым жасыл құлып белгішесімен қорғалған сайттардан (https://) ақпарат іздеңіз.
- Күрделі құпиясөздерді қолданыңыз және оларды үнемі өзгертіп отырыңыз.
- Өтініш бойынша және/немесе үшінші тұлғалар үшін операциялар жасамаңыз.
- Белгісіз нөмірлерден келген бейне қоңырауларға жауап бермеңіз. Егер жауап берсеңіз — үрейленбеңіз, психологиялық әсерге берілмеңіз, қоңырауды аяқтап, нөмірді бұғаттаңыз. Егер алаяқтар өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырылса, банктердің жедел желісіне немесе банктердің байланыс орталықтарына дереу қоңырау шалыңыз.
- Ақпаратты тексеріңіз. Егер жақын адамыңыз шұғыл түрде ақша аударуды сұраса - оның шынымен сол екеніне көз жеткізу үшін оған қайта қоңырау шалыңыз.
- Күдікті ұсыныстарға мұқият болыңыз. Егер сізге "оңай ақша" немесе күмәнді мәмілелерге қатысу ұсынылса, қаражатыңыз бен беделіңізге қауіп төндірмеңіз.
- Егер сізден белгісіз адамдар қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды сұраса, оларды ешқашан орнатпаңыз.
Есте сақтаңыз: Қырағылық — үздік қорғаныс тәсілі. Қысымға берілмеңіз және шешім қабылдауға асықпаңыз. Егер әлденәрсе күдікті болып көрінсе — бұл дәл солай болуы мүмкін.