Электрондық цифрлық қолтаңбаңызды алаяқтықтан қорғаңыз
Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз "ADCB" Ислам Банкі" АҚ үшін бәрінен маңызды. Біз Сіздің бизнесіңізді алаяқтық әрекеттерден қорғау және Сіздің қаржыңыз бен қаржылық операцияларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Біз Сізге электрондық цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) қорғау маңызын еске салу және алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды кеңестермен бөлісу үшін жүгінеміз.
Электрондық цифрлық қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) — бұл Сіздің цифрлық құжаттарыңыз бен қаржылық операцияларыңыздың заңдылығын растау үшін қолданылатын қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы.
Алаяқтар ЭЦҚ-ны қалай пайдаланады?
- Егер сіздің ЭЦҚ басқа біреудің қолына түссе — жоғалту немесе рұқсатсыз беру — алаяқтар келесіні жасауы мүмкін:
- Сіздің компанияңыздың құпия деректері мен жүйелеріне қол жеткізу.
- Сіздің атыңыздан алаяқтық қаржылық операцияларды жүргізу.
- Жалған құжаттарға қол қою аркылы, қаржылық және заңды шығындарға әкелуі мүмкін.
- Қарапайым мысал — басшы, өзінің ЭЦҚ-сын қаржылық операциялармен айналысатын қызметкермен бөліскен кезде.
- Жосықсыз қызметкер ЭЦҚ-ны жалған шоттарды авторизациялау немесе компания қаражатын келісімсіз аудару үшін пайдалана алады.
ЭЦҚ-ны алаяқтықтан қалай қорғауға болады?
- Алғаннан кейін ЭЦҚ құпиясөзін дереу өзгертіңіз:
ЭЦҚ алғаннан кейін құпиясөзді дереу өзгертіңіз. "Aa123456" сияқты стандартты құпиясөздерді алаяқтар оңай қолдана алады. Жеке есептік жазбаңыз арқылы сенімді әрі бірегей құпиясөзді орнатыңыз.
- ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз:
Сіздің ЭЦҚ тек сіздің пайдалануыңызға арналған. Оны қызметкерлерге, әріптестерге немесе сыртқы серіктестерге бермеңіз. Егер бөгде адамдар сіздің ЭЦҚ-ны пайдаланып, құжаттарға қол қойса, бұл әрекеттің заңсыз екенін дәлелдеу қиынға соғады.
- ЭЦҚ-ны мессенджерлер немесе топтық чаттар арқылы бермеңіз:
ЭЦҚ-ны жедел хабар алмасу қосымшалары немесе электрондық пошта, әсіресе топтық чаттар арқылы ешқашан жібермеңіз. Алаяқтар мұндай хабарламаны оңай ұстап алады және сіздің цифрлық қолтаңбаңызды бұрыс пайдалануы мүмкін.
- Компьютерді вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамамен қорғаңыз:
Егер сіз өзіңіздің ЭЦҚ-ны компьютерде сақтасаңыз, оның жоғары сапалы вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамамен қорғалғанына көз жеткізіңіз. Қауіпсіздік бағдарламалық құралын үнемі жаңартып отырыңыз және шпиондық бағдарлама болуы мүмкін күдікті электрондық хаттарды немесе сілтемелерді ашпаңыз.
- ЭЦҚ-ны құпиясөзбен бірге сақтамаңыз:
ЭЦҚ файлын және оның құпиясөзін бірге сақтамаңыз (мысалы, бір қалтада немесе құпия сөзді көрсететін файл атауымен). Бұл хакерлерге сіздің цифрлық қолтаңбаңызға оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Бұрынғы қызметкерлердің ЭЦҚ-ға қолжетімділігін кері қайтарып алыңыз:
Егер ЭЦҚ бар қызметкер компаниядан жұмыстан шығарылса, онда оның ЭЦҚ-сын дереу кері қайтарып алыңыз. ЭЦҚ-ға қол жеткізе алатын бұрынғы қызметкерлер оны рұқсат етілмеген транзакциялар үшін пайдалана алады немесе тіпті шоттарды жабуға да тырысуы мүмкін.
- Егер ЭЦҚ жоғалған немесе ұрланған болса, оны қайта шығарыңыз:
Егер Сіз ЭЦҚ-ны жоғалтып алсаңыз (мысалы, флэш-жинақтағышта немесе ноутбукта сақталған), оны дереу қайта шығарыңыз. Егер алаяқтар ЭЦҚ-ға қол жеткізе алса, елеулі қаржылық шығындарға алып келуі мүмкін
Егер Сіз алаяқтыққа күдіктенсеңіз, не істеу керек?
Егер сіз ЭЦҚ-ның бұзылғанына немесе дұрыс пайдаланылмағанына күмәндансаңыз:
- Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерге дереу хабарласыңыз.
- ЭЦҚ-ны дереу қайтарып, жаңасын шығарыңыз.
Сіздің ЭЦҚ-ды қорғау Сіздің компанияңыздың қаржы қауіпсіздігі мен беделін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Осы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сіз цифрлық алаяқтық пен рұқсат етілмеген транзакциялар қаупін едәуір төмендетесіз.