
Банк сіздерден Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі дайындаған алаяқтыққа қарсы оқыту бейнеролигімен танысуыңызды сұрайды.
Соңғы уақытта Банк клиенттеріне бағытталған алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті. Алаяқтар клиенттерге қоңырау шалып, олардың картасынан ірі көлемде ақша шығару әрекеті болғандығы жайлы жалған ақпарат беріп, олардың жеке мәліметтерін, банк картасының нөмірлері мен деректемелерін, құпия сөздері мен пин-кодтарын сұрайды.
Ешқандай жағдайда мұндай ақпаратты бермеген жөн. Егер клиент осындай деректерді телефон арқылы хабарлайтын болса, алаяқтар бұл ақпаратты осы картадан ақша ұрлау үшін пайдаланады.
Сізден қырағылық пен сақтық танытуыңызды сұраймыз.
