Банк деректемелерін ауыстыру: алаяқтар қалай әрекет етеді
Қазіргі уақытта Интернеттегі алаяқтық коммерциялық ұйымдарға бағытталған қылмыстардың ең кең таралған түрлерінің бірі болып қала береді. Алаяқтыққа қарсы қабылданған шараларға қарамастан, компания қызметкерлері зиянкестердің айла-амалдарына түсіп, қылмыскерлердің шоттарына ақша аударуды жалғастырады.
Төлем алаяқтығы қалай жүзеге асырылады?
- Алаяқтар компания қызметкерлеріне зиянды сілтемелері немесе зиянды бағдарламалық қосымшалары бар электрондық хаттарды жібереді. Мұндай файлдарды ашқаннан немесе сілтемелерді басқаннан кейін алаяқтар корпоративтік электрондық поштаға және басқа да ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізе алады.
- Корпоративтік хат-хабарларға қол жеткізе отырып, алаяқтар қызметкерлердің қарым-қатынасын жасырын түрде бақылап, компанияның серіктестерімен және контрагенттерімен коммерциялық қарым-қатынастарын зерттейді.
- Содан кейін алаяқтар «Сіздің серіктесіңіздің» немесе контрагентіңіздің атынан банктік деректемелердің өзгергені туралы және жаңа банктік шотқа төлем жасауды сұрайтын электрондық хат жібереді.
- Әдетте, алаяқтық фактісі кейінірек анықталады, яғни нақты серіктес компанияға төлемнің түспегені туралы хабарлаған кезде ғана белгілі болады. Осы кезде қылмыскерлер ұрланған ақша қаражатын басқа шоттарға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырып үлгереді, бұл оларды қайтару мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.
Төлемдерді жүргізу кезінде алаяқтықтан қорғау жөніндегі шаралар
- Контрагенттерден электрондық хаттарды алған кезде, ерекше сақ болыңыз.
- Жіберушілердің электрондық пошта мекенжайларын мұқият тексеріп, домендік атауларды жазудағы шамалы айырмашылықтарға да назар аударыңыз. Мысалы: [email protected] және [email protected]. Айырмашылық көзге әрең байқалуы мүмкін, бірақ бұл алаяқтар жиі қолданатын алмастырулары болып табылады.
- Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және сенімсіз дереккөздерден алынған тіркемелерді ашудан аулақ болыңыз.
- Бұрыннан белгілі және тексерілген байланыс деректерін пайдаланып, серіктес компанияның өкіліне тікелей қоңырау шалу арқылы банк деректемелерінің өзгеруі туралы ақпаратты әрдайым қайта тексеріңіз.
- Деректемелерді өзгертуді сұрайтын хатта көрсетілген телефон нөмірлерін немесе электрондық пошта мекенжайларын ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар алаяқтарға тиесілі болуы мүмкін.
Аталған қауіпсіздік шараларды уақтылы сақтау корпоративтік хат-хабарларға құпиялылығының бұзылу қаупін азайтуға және алаяқтық әрекеттермен байланысты қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.